Ұлттық тестілеу орталығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» (бұдан әрі ҰТО) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 1993 жылы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығымен құрылды. ҰТО қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын техникалық-ұйымдастырумен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізу.
ҰТО оқушылардың, студенттердің және магистратураға, докторантураға үміткерлердің білім сапасын бақылау, білім жүйесінің мониторингі, Қазақстан Республикасында ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу технологиясы арқылы студенттер контингентін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта және жоғары білім беретін ұйымдардағы білім алатын оқушылар арасында мемлекет аралық бақылауды, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі бойынша ғылыми зерттеулерді, Отандық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен үндесуін жүзеге асырады.
ҰТО қызметінің орындалуы отандық білім берудің бірден-бір маңызды міндетін жүзеге асыруға, яғни сапалы білімге халықтың қол жеткізе алатынын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметкерлердің кәсіпкерлігі, шығармашылық қабілеттері мен өз ісіне адалдығы ҰТО жетістіктеріне мүмкіндік туғызады.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. Ресми веб-сайт