Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық тестілеу орталығы қызметінің басты бағыты жалпы орта білім беретін мектеп бітірушілерін ұлттық бірыңғай тестілеуден және талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу арқылы студенттер контингентін қалыптастыру, сонымен қатар, Республикалық конкурстық комиссиясының жұмысын техникалық ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.

ҰБТ Орта білімнен кейінгі немесе жоғғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін өткізіледі.

ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі.

Нормативные документы ЕНТ