Білім гранттарын тағайындау республикалық конкурсы

Ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеу түрінде өткізілетін қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында студенттер контингентінің қалыптасу айқындылығы мен объективтілігін көрсетеді. Республикалық ЖОО-ғы бірыңғай қабылдау компаниясын ұйымдастыру барысында жүзеге асырылған тестілеу барысы, жасына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және т.б. қарамастан барлығына бірдей жағдайдың жасалуын қамтамасыз етеді.

ҰБТ мен ТКТ қорытындысы негізінде білім гранттарын тағайындау жөнінде, яғни ҰБТ мен ТКТ қорытындысы бойынша берілген сертификат баллымен сәйкес азаматтардың өтініші бойынша, республикалық конкурс өткізіледі.

Білім грантын алудағы конкурста қазақ және орыс тілдері (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні есепке алынады.

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 45 балл, оның ішінде бейіндік пәннен кем дегенде 7 балл (10 баллдан әр шығармашылық емтиханы бойынша), ал қалған пәндерден кемінде 3 баллдан жинауы қажет.

Конкурс шарты білім құқығын сақтауға кепілдік береді және кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру деңгейіне сай қабілетті және дайындалған азаматтардың өтуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру - ҰТО-мен жасалған толық бағдарламалық өнім, яғни осы білім жүйесінің толассыз дамуын жүзеге асыратын стандартталған технология және оқу-әдістемелік құралға негізделген.