Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ)
Талапкерлерді кешенді тестілеу(бұдан әрі - ТКТ) – ақпараттық технологиялар пайдаланып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
ТКТ өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
ТКТ азаматтардың қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған мамандығына сәйкес таңдалған пән.

