Мемлекеттік аралық бақылау
Ұлттық тестілеу орталығының 2004 жылдан бергі қызметінің бір бағыты – мемлекеттік аралық бақылауды өткізу болып табылады. Бұл білім беру сапасын тәуелсіз сыртқы бақылаудың бір түрі.
Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) өткізу нәтижесінде келесі міндеттемелер шешіледі:
- МАБ-ға қатысушы барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне біркелкі талап барысында білім алушылардың оқу жетістіктерінің сапасын жоғарлату;
- МАБ оқыту пәндері мазмұны мен ең аз көлемдегі бағдарламасына бірыңғай талаптардың бекітілуі;
- Білім беру ұйымдарында білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы және жүйелі қорытындының өткізілуі;
- Республикадағы білім беру жүйесінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу және аймақтық және мемлекеттік деңгейде білім ұйымдарында рейтингтің орнатылуы.
МАБ жалпы орта білім беретін білім ұйымдарының бастауыш (4 сынып), жалпы білім беру (9 сынып) сатысында және жоғары білім беретін ұйымдарда өткізіледі.
4 сынып МАБ-ы бір ғана пәннен, 9 сынып МАБ-ы үш пән бойынша өткізіледі. МАБ-та өткізілетін оқу пәндерінің саны мен тізімі жыл сайын Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі.


Жоғары білім беретін ұйымдарда МАБ 2(3) курстардан кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) міндетті компонентіне жататын жалпы білім беру пәндері мен базалық пәндер бойынша өткізіледі. Пәндер тізімі, сонымен қатар МАБ үшін тестілік тапсырманың спецификациясын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді. МАБ өткізу үшін мамандық дайындау бағыттары ескерілген минималды типтік оқу бағдарламасы негізінде МЖМБС-ның міндетті компоненті болатын пәндер бойынша дайындалған тест тапсырмалары қолданылады.
МАБ кезеңмен енгізіледі:
2004 ж.: педагогикалық, экономикалық, заң және медициналық бағыттар бойынша күндізгі оқу түрі
2005 ж.: барлық азаматтық мамандықтар бойынша күндізгі оқу түрі
2006 ж.: барлық мамандықтар бойынша күндізгі оқу түрі, соның ішінде Әскери және қауіпсіздік ісі топтарының мамандықтары
2007 ж.: барлық мамандықтар бойынша күндізгі оқу түрі және экономикалық, заң және педагогикалық бағыттар бойынша сырттай оқу түрі
2008 ж.: барлық мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай оқу түрі
Өту деңгейі:
2004 ж.
- Медицина мамандықтары бойынша - 40% (48 балл);
- Басқа мамандықтар бойынша - 30% ( 38 балл);
2005 ж.
- Медицина мамандықтары бойынша - 40% (50 балл);
- Басқа мамандықтар бойынша - 30% ( 38 балл);
2006 – 2007 ж.ж.
- Медицина мамандықтары бойынша - 50% (63 балл);
- Басқа мамандықтар бойынша - 35% ( 44 балл).
2008 ж.
- Медицина мамандықтары бойынша - 60% (70 балл);
- Басқа мамандықтар бойынша - 40% ( 50 балл).
МАБ-ға қатысушы студенттер саны (жыл сайын)

Өту баллын жинай алмаған студенттер саны (жыл сайын)
