03.07.2010 - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін түсу емтихандары
Сыртқы мемлекеттік бақылау магистратураға, резидентураға, адъюнктураға, және Ph.D докторантурға шет, қазақ және орыс тілдерінен түсу емтихандарын тапсыру кезінде іске асырылады.
Түсу емтихандары аймақтық орталықтарында Жоғарғы оқу орындары және Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарында шетел, қазақ және орыс тілдерінен тестілеу түрінде тапсырылады.
Шет тілдерінен кешенді тестілеу TOEFL, PET, FCE (ағылшын тілі), DELF (француз тілі) және Zertifikat Deutsch (неміс тілі) халықаралық тесттер негізінде құрастырылған және көрсетілген тілдердің біреуін игеру деңгейін бағалауға арналған, оқу және тыңдау шеберлігін, және де сөйлемнің рәсімделу (лексика-грамматикалық тест) коммуникативтік құрастыру деңгейін анықтайды. Тест үш бөлімнен тұрады.
I бөлім – тыңдалым (20 тапсырма, орындау уақыты - 45 минут).
Сөйлемді толықтыру, сұрақтарға қысқаша жауаптар, тыңдалған мәтіндердің мазмұнын түсіну көптеген таңдау тесті арқылы тексеріледі. Тестілеуді өткізу үшін аудиотехника (CD диск) қолданылады. Тыңдалым тесті 4 мәтіннен тұрады. Мәтіндер екі мәрте жазылған. Әрбір мәтінді тыңдағаннан кейін, осы мәтінге ұсынылған 5 тест тапсырмасына жауап беру үшін уақыт беріледі.
II бөлім – лексика-грамматикалық тест (50 тапсырма, орындау уақыты - 75 минут).
Мәтінді байланыстыру негізінде көптеген таңдау тесті арқылы сөйлемнің рәсімделуі тексеріледі.
III бөлім – оқу (30 тапсырма, орындау уақыты – 60 минут)
Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну, сұрақтарға қысқаша жауап, сөйлемді толықтыру, мәліметтерді кестеге, схемаға енгізу, көптеген таңдау тесті арқылы тексеріледі. Оқу тесті 4 мәтіннен тұрады. Әрбір мәтінге тест тапсырмалары ұсынылған.
Шет тілдері бойынша тест тапсырмалары 100 сұрақтан тұрады, тестілеу уақыты – 180 минут. Барлық тапсырмалар жабық түрде берілген. Әр тапсырма көрсетілген бес жауаптың ішінен бір ғана дұрыс жауапты таңдауды талап етеді.
«Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында шет, қазақ және орыс тілдерінен кешенді тестілеуді өткізу туралы» ҚР БҒМ-ның 2010 ж. 24 маусымында бекітілген №332 бұйрығына сәйкес Ұлттық тестілеу орталығымен 2010 жылдың 11 тамызында шет, қазақ және орыс тілдерінен кешенді тестілеу өткізіледі.
Информационно-аналитический отдел. Национальный центр тестирования МОН РК