03.07.2010 - 2010ж. талапкерлер үшін ақпарат

Талапкерлерге кешенді тестілеу (ТКТ):

- өткен жылдардың бітірушілері;

- жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары;

- шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар;

- өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының бітірушілері;

- республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері;

- шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде, шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны - 25.

Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

ТКТ 4 пән бойынша жүргізіледі: ана тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі).

Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажетті ақыны төлегені туралы түбіртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23 – 31 шілде кезеңінде қабылданады.

Білім грантын тағайындау конкурсы кезінде қазақ немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификатында көрсетілген таңдау пәнінің балдары есептелінеді.

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл.

Шектік өту балын немесе бейіндік пәннен (7 балл) немесе қалған пәндерден (4 балл) ең төменгі балды жинай алмаған талапкерлер ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс бойынша да, ақылы негіз бойынша да қабылдана алмайды.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш беру кезінде таңдау бойынша пәні сәйкес келген жағдайда төрт мамандық (шығармашылық мамандықтардан басқасы) пен төрт ЖОО-ны көрсетуге мүмкіндік беріледі.

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде:

1) «Алтын белгі» белгімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

Информационно-аналитический отдел. Национальный центр тестирования МОН РК