8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Бiз туралыБасшылар туралы

Басшылар туралы

20140204_165445.jpg Әлімқұлов Рамазан Сихымұлы

 1976 жылы 17 тамызда туылған. Білімі жоғары. А. Яссауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану  мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистратура мен  аспирантураны Халықаралық құқық мамандығы бойынша 2001  жылы Ресей халықтар достығы университетінде бітірген. 2012 жыл  мен 2013 жылдар аралығында ҚР Президентінің Халықаралық  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мемлекеттік басқару  мамандығына Ұлыбританияда Ноттингем университетінде оқыған.

 Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Бас  прокуратурасының басқарма прокуроры қызметінен бастады.

 2003-2005 жылдар аралығында ҚР Конституциялық Кеңесінің бас  сарапшысы;

 2005-2007 жылдар – ҚР Президент Әкімшілігінің аға сарапшысы;

 2007-2010 жылдарда – ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң  департаментінің директоры;

2010-2013 жылдар – ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Төрағасының орынбасары;

2013-2016 жылдарда – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының президенті;

2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры.

2009 жылы мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. ҚР Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің (2005 ж.) және ҚР Конституциялық Кеңесі Төрағасының алғыстарының (2003 ж.) иегері.

«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша заң ғылымдарының докторы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. 


Ынтымаков ТЖ.jpg

Ынтымақов Тұрақты Жұмаділдәұлы

1955 жылы 26 шілдеде туылған. Қазақ.

Техника ғылымдарының кандидаты.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық университетін тәмамдаған.

1979 жылы еңбек жолын Қазақ политехникалық университетінің инженері болып бастады. Кейіннен оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра доцентінің міндетін атқарушы лауазымындарында қызмет жасады.

1998 жылы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі лауазымына ауысты. Осы мекемеде директордың орынбасары, басқарма жетекшісі болып қызмет атқарды.

2009 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

2007 жылғы 12 наурызда ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.


Ынтымаков ТЖ.jpg

Жұмаділов Миржан Томанұлы

1968 жылы 18 қарашада туылған

Новосібір Ұлттық мемлекеттік зерттеу университетін тәмамдады.

1992 жылы еңбек жолын Қарағанды қ. ҚР БҒМ Қолданбалы математика институтында ғылыми қызметкері болып бастаған.

Әр түрлі уақытта, ол ҰК «ҚТЖ» АҚ Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі, ақпараттық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

2008 жылы, ол АҚ «ҚТЖ» ҰК  Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2015 жылы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК сарапшы қызметіне ауысты.

2017 жылғы 04 қаңтарда ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.

Ынтымаков ТЖ.jpg

Бүркітбаев Алмас Жердентапқанұлы

1976 жылы 15 желтоқсанда туылған.

Қазақстан Республикасы Шекара Әскери институтын тәмамдады.

1999 жылы № 01068 әскери бөлімінде офицер ретінде әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.

2017 жылғы 01 наурызда ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ