8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат

2019 жылдың маусым-шілде айларында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы ақпарат

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) еліміздің 169 ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі - ҰБТӨП) ағымдағы жылдың 20 – 30 маусым аралығында, 2017 жылдан бергі қолданыстағы форматта  өткізілді. ҰБТӨП - 169, оның ішінде колледж базасында – 4, ЖОО базасында – 46, мектеп базасында – 119 орналасқан.

ҰБТ-ға қатысуға барлығы 117 252 адам, оның ішінде 88 286 (75%) қазақ тілінде,  28 785 (25%) орыс тілінде, 181 -  ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берді.

ҰБТ-ға өтініш берген түлектердің жалпы санының 94,2%, яғни 110 472-і қатысты (2018 жылы – 96,3%, 2017 жылы – 95,4%), оның ішінде 85 194 (77,1%) – қазақ тілінде, 25 126 (22,7%) – орыс тілінде, 152 (0,1%) – ағылшын тілінде.

2019 жылғы ҰБТ тарихындағы басты ерекшелік - ҰБТ мен кешенді тестілеу рәсімдерінің біріктірілуі. Сонымен қоса, жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу қолжетімділігін арттыру және ҰБТ айналасындағы әлеуметтік қобалжуды азайту мақсатында мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ны 4 рет тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Ағылшын тілін жетік меңгерген және халықаралық сертификаты бар тұлғалар ағымдағы жылы өз қалауы бойынша «Шет тілі (ағылшын)» бейіндік пәні немесе арнайы пән бойынша ҰБТ тапсырудан босатылды. Мектеп оқушылары тестілеуге өтінішті өздігінен ҰБТӨП-ке барып берді. Ағымдағы жылғы колледж түлектеріне  ЖОО-ға қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатының қажеті болмады. 

Ағымдағы жылы ҰБТ-да ең жоғарғы балды Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жаскешу ауылы №37 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, «Алтын ұрпақ», «Кемел Биолог-2019» олимпиадаларының жүлдегері, «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымхан Адилжанұлы алды. Оның көрсеткіші – 140 балл.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ