8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.

 

Пәндер

Емтихан формасы

Уақыты

міндетті

1

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі)

Жазбаша —эссе

3 сағат

2

Алгебра және анализ бастамалары

Жазбаша емтихан

5 сағат

3

Қазақстан тарихы

Ауызша (билетпен)

 

4

Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу

80 минут

таңдау

5

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика

Тестілеу

80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.  Ана тілі мен әдебиеті - 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2. Алгебра және талдау бастамалары - 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

3. Қазақстан тарихы - Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) - 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

  • Лексика-грамматикалық - 20 тест тапсырмасы;

  • Тыңдалым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);

  • Оқылым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен - Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).

Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.

Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.

Қорытынды аттестаттау өткізу туралы Типтік ереже


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ