8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері
Сұрақ-жауапҰлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеу деген не?

Ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ-ны барлық түлектер тапсыруға міндетті ме?

ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері,      сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі және өткізілу орны?

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау өткізу пункттерінде 10- наурыз бен 10-мамыр аралығында жүргізіледі.

Жоо-на түсу үшін ҰБТ-ның шектік баллы өзгере ме?

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) бітірушілері қабылданады.

Мектеп бітіруші жауап парағындағы дөңгелекшені бояу барысында қате жіберді, ал кітапшасында дұрыс жауап белгіленген, тестілеу нәтижесін бағалау барысында ол жауап ескеріледі ме?

Жауап парағы - жауаптар сканерде оқылатын негізгі және соңғы құжат болып табылады. Сондықтан, дұрыс жауаптарды кітапшасынан жауап парағына көшіру барысында талапкер аса мұқият болу қажет.

Ағымдағы жылы жоғары оқу орнына ақылы негізде өткен жылғы ҰБТ сертификатымен түсуге бола ма?

Түсу үшін сертификаттың жарамдылық мерзімі – тестілеуден өткен жылдың 31 желтоқсаны.

2017 жылы болатын ҰБТ-ға арналған бейіндік пәндер бойынша тест сұрақтар үлгісін қайдан алуға болады?

Ұлттық тестілеу орталығының сайтында («ҰБТ-ға дайындық» бөлімінде) ҰБТ-ға арналған тест тапсырмаларының үлгілері жарияланған. ҰБТ-ға дайындалуға арналған 2015-2016 жж оқу-әдістемелік құралдарында бір дұрыс жауабы бар және бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларының  үлгілері жарияланған. 2017 жылғы ҰБТ-ға дайындалу барысында осы оқу-әдістемелік құралдарды да қолдануға болады, себебі тапсырмалар оқу бағдарламасының шеңберінен шықпайды.

2017 жылғы ҰБТ-ға дайындалуға арналған сынақ кітапшаларын қайдан алуға болады?

Ұлттық тестілеу орталығында байқау сынағына арналған тест нұсқалары кітапша түрінде және онлайн режимде дайындалды.

ҰТО сайтында ҰБТ-2017 жаңа форматы пәндері бойынша байқау сынағынан онлайн түрде тестілеуден өту рәсімі іске қосылды.

ҰТО филиалдарынан байқау сынағына арналған кітапшаларды сатып алуға болады. (ҰТО филиалдарының мекен-жайлары ҰТО сайтында көрсетілген). 

ҰБТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?

ҰБТ оқуға түсушілердің қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:

1-бөлім – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (ЖОО-да оқу тілі);

2-бөлім – таңдаған мамандығына сәйкес екі бейінді пән (математика, физика, биология, химия, география, шет тілі, тарих, Адам.Қоғам.Құқық, оқу тілі және әдебиеті).

Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер тестілеуді бір бөлім – Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (ЖОО-да оқу тілі) бойынша тапсырады.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны неше және қанша уақыт бөлінеді?

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының саны – берілген жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 20 тапсырма.

Әрбір бейінді пән бойынша – 30 тапсырмадан болады. Оның ішінде 20 тапсырма – берілген жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған, 10 тапсырма – берілген жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Берілген жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған әрбір тест тапсырмасы – 1 балмен, берілген жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары 2 балмен бағаланады.

Барлық тапсырмалар саны – 120.

Тестілеу уақыты – 3 cағат 50 минут (230 минут).

Тестіленуші ҰБТ нәтижесі қанағаттандырмаған жағдайда не істеуі керек?

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, егер тестіленуші алған нәтижесімен келіспесе, ҰБТ өткізу пункттеріндегі аппеляциялық комиссияға өтініш білдіре алады, аппеляцияға өтінішті тест нәтижесі шыққаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін бере алады және ол сол күн ішінде қарастырылады. Өтінішті тестіленуші өзі беруі тиіс, сонымен қатар пән, сұрақ нақты көрсетілуі тиіс. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі, кіру қағазы болуы қажет.


ҰБТ кезінде математикалық сауаттылығына және оқу сауаттылығына арналған тест тапсырмалары тестіленушілердің қандай дағдыларын тексереді?

Математикалық сауаттылыққа арналған тест тапсырмалары тестіленушілердің математиканы өмірлік жағдаяттарда, түрлі контексте қолдана білу және түсіндіре алу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Ол математикалық ойлаудан, әртүрлі құбылыстарды сипаттайтын, түсіндіретін, болжайтын математикалық ұғымдарды, рәсімдерді, білімдер мен амалдарды қолданудан тұрады.

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары тестіленушілердің жазбаша мәтіндерді түсіну, олардың мазмұнын жеке мақсатына жету үшін, білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту үшін, қоғам өміріне белсенді түрде қатысу үшін қолдана алу қабілеттерін тексереді. 

Сұрақ қою

Суреттегі таңбаларды енгізіңіз*


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ