8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Докторантура мен магистратураға түсушiлергеМагистратура және докторантураға түсуге үміткерлердің шет тілдерінен түсу емтиханына байқау online тестілеу арқылы дайындалуы.

Магистратура және докторантураға түсуге үміткерлердің шет тілдерінен түсу емтиханына байқау online тестілеу арқылы дайындалуы.

Негізгі емтиханға дайындықтың ең тиімді тәсілдерінің бірі – байқау сынағы. Байқау сынағынан өту кезінде үміткер тестілеудің форматымен танысуға, өзіндік дайындалуға және өз тіл білімінің денгейін тексеру мүмкіндігін алады.

Ұлттық тестілеу орталығы шет тілдері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын шығарумен қатар, қолданушыларға ыңғайлы болу үшін, ағымдағы жылдың 10 шілдесінен бастап байқау онлайн сынағы қызметің іске қосады.

Онлайн байқау сынағының бағасы – 800 теңге. Тестілеуге төлемді «Қазақстан халық банкі» АҚ немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX

КБЕ 16

«Қазақстан халық банкі» АҚ

Түбіртектерде міндетті түрде – «Магистратура және докторантураға байқау онлайн сынағы үшін төлем» деп көрсету қажет.

Төлем жасалғаннан кейін түбіртектерді ҰТО филиалына (ҰБТӨП) тапсыру керек. Филиал қызметкерлерімен байқау онлайн сынағынан өткісі келгенді тіркеп, пароль береді. Пароль алғаннан кейін үміткер білімін тексере алады.

ҰТО филиалдары республиканың барлық облыс және аудан орталықтарында орналасқан. Олардың мекен жайы көрсетілген тізімін Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан қарауға болады.

Онлайн байқау сынағын тапсыру

.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ