KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
    Педагогтердің білімін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген      №83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу» қағидалары мен шарттарына (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022  жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес жүргізіледі.

Педагогтердің білімін бағалау аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және келіспеген жағдайда тестілеу залынан шықпай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық комиссияға негіздемелермен апелляция береді. Педагог тестілеу залынан шыққаннан кейін берілген апелляцияға өтініштер қабылданбайды.

   Апелляция өткізілген жағдайда педагогтердің білімін бағалау өткені туралы сертификат апелляцияны ескере отырып, педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.
Тестілеуді өткізу кезіндегі даулы мәселелерді шешу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссияны құрады.
Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

    Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, мектепке дейінгі, орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия мүшелері тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;
дұрыс жауап жоқ;
барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.
2) техникалық себептер бойынша:
тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.
Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсіндірме) көрсетеді. Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға берілетін өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені (толық түсіндірме, міндеттердің қадамдық шешімі) көрсетпей қарауға жатпайды.
Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша педагогтің жеке кабинетінде тестілеу нәтижелері көрсетіледі.
 

/pedagogam/nkt/apellyatsiya/