KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Педагогтердің білімін бағалау екі блокқа бөлінеді және барлығы 50 тест тапсырмасынан тұрады:

- бірінші блок «Пәндік білім» бойынша 30 тапсырма;

- екінші блок «Оқыту әдістемесі» бойынша 20 тапсырма.

Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 30 минут (90 минут), ал "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – 2 сағатты (120 минут) құрайды.

«Пәндік білім» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған.

Ол үшін 2 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:

1) бір дұрыс жауабы бар 20 тапсырма;

2) бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік 10 тапсырма.

Мәнмәтіндік тапсырмаларда бір мәнмәтінге 4 тапсырма беріледі. Мәнмәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін. Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін мәнмәтінмен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін.

Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

- ұсынылған 4 жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

 

«Оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

№  

Тақырып

  №     

Тақырыпша

Оқу мақсаттары

01

Тәрбие әдістемесі

01

Тәрбие әдістері

тәрбиенің әдістерін вариативті қолдану, тәрбиені ұйымдастыру формаларын, құралдарын таңдау және пайдалануды білу

02

Тәрбие процесінің принциптері, негізгі бағыттары

тәрбие принциптерін және негізгі бағыттарын танып білуде /болашақ/ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.

02

Оқыту процесі

03

Оқу процесінің принциптері

оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін,  жаңа оқыту технологияларын құрастыру

04

Оқыту әдістері мен формалары

Оқыту әдістерін үйлесімділікте қолдану, оқыту формаларын оқушылардың арасындағы белсенділік қатынастары және оқуына жағымды әсер етуге бағыттау

03

Оқу процесін басқару және ұйымдастыру

05

Сабаққа дайындық, педагогикалық талдау және оқу процесінің рефлексиясы

/Болашақ/ мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, педагогикалық шығармашылығы, ал педагогикалық талдау және оқу процесінің рефлексиясы сабақ өткізу дағдыларына, сабақ сапасының әртүрлі факторларына байланысы болып табылады.

06

Мұғалімнің инновациялық қызметі

Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі ілгерілеу, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесін жетілдіру, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды білу және ұйымдастыру

04

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер

07

Тиімді оқыту және танымдық даму

Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау, мұғалімнің біліктілігі,  оқыту әдістері тиімді пайдалану

08

Сыныптағы диалогтың маңыздылығы. Сұрақтар қою

Мұғаліммен оқушыларды білім игерудегі бірлескен іс-әрекетіне, дамуына ықпал ету

09

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді ескере отырып сабақтарды жоспарлау

Оқу сапасын арттыру, сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын сабақтың дұрыс жоспарлануы, ізденіс белсенділігін қалыптастыру

05

Оқу жетістіктерін бағалау

10

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Кері байланыс

оқушылардың білімді өздігінен оқып үйренуіне бағытталуы, іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу

06

Зерттеу тәжірибесі

11

Сабақты зерттеу мен тәжірбиені зерттеудің тәсілдері мен стратегиялары

Мұғалімдердің саралауы бойынша сабақты түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят жасау, бұрынғы мәселелерді шешу болжамын ұсыну, бағдарлама материалының мазмұнына байланысты болуы

 

«Оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.

2. Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005 ж.

3. Иманбаева С.Т.,   Майғаранова Ш.М.Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.  Оқулық.- Алматы. – 2018 , 253 бет.

4.  «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы  педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру бағдарламасы мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, 2016 ж.

5.   Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 ж.

6. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.

7. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.







/pedagogam/nkt/dlya-podgotovki-k-ktpr-i-nkt/