KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының білімін бағалау

Педагогтердің білімін бағалау – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын педагогтердің білімін бағалау екі блоктан тұрады, барлығы 30 тест тапсырмасы:

- бірінші блок «Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу» 10 тапсырмадан тұрады;

- екінші блок «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы» 20 тапсырмадан тұрады.

  Педагогтердің білімін бағалаудың жалпы уақыты сексен минутты құрайды

  Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар, стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б. негізінде жасалады.

 Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

  Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

 Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

Тест құрылымы

Блок

Тапсырма саны

Тапсырманың формасы

Уақыт (минут)

Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу

10

Бір дұрыс жауапты тапсырма

30

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы

20

Бір дұрыс жауапты тапсырма

50

Балдардың шектік деңгейін анықтау

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

Педагог

Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу

10

70%

7

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы

20

30%

6

Педагог-

модератор

Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу

10

70%

7

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы

20

40%

8

Педагог-

сарапшы

Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу

10

70%

7

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы

20

50%

10

Педагог-

зерттеуші

Мемлекеттік білім беру стандартын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білу

10

70%

7

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және жас психологиясы

20

60%

12

Педагог-

шебер

14

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

/pedagogam/nkt/doshkolnoe-obrazovanie/