KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін Ұлттық біліктілік тестілеу 2020 жылдан бастап өткізіледі.

Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.

 

Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін Ұлттық біліктілік тестілеудің форматы

 

Тест тапсырмалар саны – 100.

 

Тестілеудің жалпы уақыты - 3 сағат 30 минут (210 минут).

 

 

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1.

Қызмет бағыты бойынша

70

50

Бір дұрыс жауапты таңдау

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

10

(2 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)

Бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар

2.

Қызмет бағыты бойынша

30

30

Бір дұрыс жауапты таңдау

Барлығы

100

100

 

 

*Математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша тестілеуден өтетін педагогтер үшін Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты - 4 сағат (240 минут).

Математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша тестілеуден өтетін өндірістік оқыту шеберлері үшін Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат 30 минут (150 минут).

 

Балдардың шектік деңгейін анықтау:

 

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

Педагог

Қызмет бағыты бойынша

70

50%

35

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

50%

15

 

 




/pedagogam/nkt/tekhnikaly-zhane-kasiptik/