KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының жобасына сәйкес ЖОО магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссияларымен жүргізіледі.

*Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 1 маусым мен 15 шілде аралығында жүргізіледі.

*Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 20 шілде мен 10 тамыз айлары аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың  тамыз айында  жүргізіледі.

Араб тілінен түсу емтиханы және магистратураға түсушілерге арналған шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 16 - 25 шілде аралығында өткізіледі. Араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихан ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау а.ж. 20 тамызға дейін жүргізіледі.

КТ-ға қатысу құны 8292 теңгені құрайды.

*қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр, тестілеу мерзімі мен баға прейскурантына өзгерістер енгізілуі мүмкін

/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/priem-na-obuchenie-v-organizatsii-obrazovaniya-realizuyushchie-obrazovatelnye-programmy-poslevuzovsk/