KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Магистратураға түсуші тұлғалар:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған  қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдауы бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

1) араб тілі бойынша түсу емтиханын;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

      ағылшын тілі: IELTS   Academic /International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;

      TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).


Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми педагогикалық магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

 

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

 

Бөлім

Шет тілі бойынша тест*

Оқуға дайындығын анықтауға

 арналған тест

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест**

Барлығы

Секциялар

Тыңдалым

Лексика- грамматика

Оқылым

Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән

2-пән

Тілі

ағылшын/неміс/француз

қазақ/орыс

қазақ/орыс

Тапсырмалар саны

16

18

16

15

15

30

20

 

50

30

50

130

Тест тапсырмаларының нысаны

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

 

Бағалау

1 балл

1 балл

1 балл

2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 

Максималды балл саны

50

30 балл

30 балл

40 балл

150

Ақылы түрде оқуға шекті балл

25

7

7

7

75

Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл

25

7

7

7

75

 

* араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы тапсырылады.

 

* шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.

 

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

 

Тест тапсырмаларының саны – 80.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).


Бөлім

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Білім беру бағдарламалары тобының
бейіні бойынша тест

Барлығы

Секции

Сыни ойлау

 

(элементарлы математика, әртүрлі ақпартты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

 

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән

 2-пән

Тілі

Қазақ/орыс таңдауы бойынша

Қазақ/орыс таңдауы бойынша

Тапсырмалар саны

15

15

30

20

80

30

50

Тест тапсырмаларының нысаны

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

 

Бағалау

1 балл

1 балл

2 балл-барлық жауаптар дұрыс,                1 балл – бір қате үшін,        0 балл – екі және одан көп қате үшін

 

Максималды балл саны

30 балл

30 балл

40 балл

100

Ақылы түрде оқуға шекті балл

7

7

7

 50

Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл

7

7

7

 50


Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

 

Тест тапсырмаларының саны – 80.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).


Бөлім

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Тест по профилю группы образовательных программ

Барлығы

Секции

Сыни ойлау

 

(элементарлы математика, әртүрлі ақпартты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

 

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән

 2-пән

Тілі

Қазақ/орыс/ағылшын таңдауы бойынша

ағылшын

Тапсырмалар саны

15

15

30

20

80

30

50

Тест тапсырмаларының нысаны

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір дұрыс жауапты таңдау

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

 

Бағалау

1 балл

1 балл

2 балл-барлық жауаптар дұрыс,                1 балл – бір қате үшін,        0 балл – екі және одан көп қате үшін

 

Максималды балл саны

30 балл

30 балл

40 балл

100

Ақылы түрде оқуға шекті балл

7

7

7

50

Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл

7

7

7

50


НПА сілтеме

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілеген Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелері /a> -->