KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

        Шет тілдері бойынша түсу емтиханынан тест 3 бөлімнен тұрады. Тапсырмалар саны -100. Тестілеу уақыты -125 минут.

       I бөлім – Тыңдалым. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындау уақыты – 45 минут.

      Бұл бөлімге 4 мәтінді тыңдау және әрбір мәтінге берілген 8 тест тапсырмасын орындау кіреді. Әрбір мәтін 1 минуттық үзіліспен екі рет қайталанады. Әрбір мәтінді тыңдап болған соң, оған ұсынылған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі. Одан әрі келесі мәтінді тыңдау басталады.

       II бөлім – Лексика-грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындалу уақыты – 30 минут.

       III бөлім – Оқылым. Тест тапсырмаларының саны – 36. Орындалу уақыты – 50 минут.

       Бұл бөлімге 3 мәтінді оқу және әрбір мәтінге 12 тест тапсырмасын орындау кіреді.

        Шет тілдері бойынша түсу емтиханына қатысу құны 14162 теңгені құрайды.