KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.  

ҰБТ өткізіледі:

  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
  • ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
  • ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
  • ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Қатысушылар

Өтініш қабылдау мерзімі

Тестілеу мерзімі

1)

 ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне

20 ақпан – 10 наурыз

1-31 наурыз

28 сәуір – 14 мамыр

 

16 мамыр – 5 шілде

 

20 – 30 шілде

 

10 – 20 тамыз

 

2)

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

 

28 сәуір – 14 мамыр

 

16 мамыр – 5 шілде

*Қазіргі таңда Қағидаларға ҰБТ-ны өткізу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілуде.

Тестілеуге қатысу бағасы – 5 640 теңге. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.

Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ-ға тіркелу келесідей жүргізіледі:

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы  «1»  сәуірдегі № 134  бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің мәндес білім беру бағдарламалары топтары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының сәйкестігі жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына  сәйкес білім беру бағдарламалары тобына түсе алады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына оқуға түсушілер жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.

Тестілеудің жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут);

Тест тапсырмалар саны – 60;

Жоғары балл саны: 70;

Шекті деңгейі: ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Тестілеу пәндері

Тапсырма саны

Тапсырмалар формасы

Бағалау формасы

Жалпы кәсіптік пән

20

Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

Арнайы пән

40

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)

1 дұрыс жауап = 1 балл

Көп жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (10)

Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

Жағдаятық тапсырмалар (10)

1 дұрыс жауап = 1 балл

Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі, шығармашылық емтихан ЖОО-да өткізіледі. Тестілеуге  1 сағат 20 минут (80 минут) уақыт беріледі.

Жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ-ға өтініш беру рәсімі:

1) https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау;

2) электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (электрондық поштаға келген хат арқылы міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);

3) алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль бар хатты жоюға болмайды);

4) ЖСН көрсету және іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсету;

5) «Өтініш беру» бөлімін таңдап, қатысушы санатын көрсетіңіз:

- қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері;

6) қажетті тіркеу деректерін толтыру және келесі мәліметтерді таңдау:

Оқу орны туралы мәліметтер:

- колледж бітірген/бітіретін жылын таңдау;

- оқыған колледжі туралы мәліметтерді таңдау (облыс, аудан, орналасқан орны, колледж атауы);

- колледжде оқыған мамандықты таңдау;

- біліктілікті (квалификация) таңдау.

Тестілеу параметрлері:

- тапсыру тілін таңдау;

- түскісі келетін білім беру бағдарламасын таңдау;

-  тестілеу мекенжайын таңдау;

- тестілеу күні, уақыты және орнын таңдау.

Міндетті түрде ережелермен танысу.

7) тестілеу үшін қалаған төлем әдісін таңдап, төлем жасау;

8) «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда өтінішке өзгеріс енгізуге мүмкіндік бар.

Ескерту: тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгерте алмайсыз.

Тестілеуге қатысу бағасы – 5 640 теңге.

ЕСКЕРТУ: "Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. ҰБТ нәтижесі талап етілмейді.

2) Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері өзінің бітірген мамандығын ЖОО-да жалғастырмай, басқа білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскісі келсе, онда толық оқыту нысаны бойынша оқуға қабылданады. Ол үшін түсуші 5 пән бойынша ҰБТ тапсырады.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмаларының саны – 120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат  (240 минут)

Апелляция: қарастырылған.

Ең жоғары балл – 140

 

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

 

 

1 - блок

Математикалық сауаттылық

10

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

Оқу сауаттылығы

10

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

 

 

 

 

2 - блок

1 - бейінді пән

25

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

5

Контекст негізіндегі тапсырмалар

5

Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар

5

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 - бейінді пән

25

Берілген төрт жауаптың біреуі дұрыс

5

Контекст негізіндегі тапсырмалар

5

Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар

5

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты


 Бейінді пәндер комбинациясы    
 №  1 бейінді пән  2 бейінді пән
 1  математика  физика
 2  математика  информатика
 3  математика  география
 4  биология  химия
 5  биология  география
 6  шет тілі  дүниежүзі тарихы
 7  география  шет тілі
 8  дүниежүзі тарихы  құқық негіздері
 9  дүниежүзі тарихы  география
 10  қазақ тілі / орыс тілі  қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті
 11  химия  физика
 12  шығармашылық емтихан  шығармашылық емтихан