KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-2020 (маусым) өтініш қабылдау  пункттерімен байланыс 16.04.2020

ҰБТ-2020 (маусым) өтініш қабылдау пункттерімен байланыс

Құрметті тестіленушілер! 2020 жылғы 15 сәуірден 10 мамырды қоса алғанда ҰБТ-ға (маусым) өтініштер қабылданады.
Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты, қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу өтініштерін қабылдау онлайн түрде өтеді.
Сонымен қатар, 8000-нан асатын мектептің әрқайсысына Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) қызметкері қатысып отырған Whats App чаты ашылды.
Егер, қандай да бір жағдайға байланысты түлек аталмыш чаттың құрамында болмай қалса, тиісті ауданның қызметкерінің ұялы телефонын ҰТО-ның басты бетінде testcenter.kz немесе http://testcenter.kz/ru/contacts/kontakty-filialov/ сілтемесі арқылы біле алады.
Одан бөлек, call center 8 8000 80 71 77 жұмыс істеуде, сонымен қатар, info@testcenter.kz Қолдау қызметіне хат жолдауға немесе ҰТО-ның әлеуметтік желілеріне жазуға болады.

  • ҰБТ-ға өтініш қабылдау пункттерін жүктеу


  • Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу