KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ға төлемді қайда жасау керек? 27.04.2020

ҰБТ-ға төлемді қайда жасау керек?

ӨТКЕН ЖЫЛДАРДАҒЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ, колледж түлектері, ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғалар ҰБТ-2020 үшін төлемді ent2020-tipo.testcenter.kz сайтында тіркеуден өту кезінде жасайды.
Төлемнің екі түрі келтірілген: Kaspi қосымшасы немесе басқа банктердің картасы арқылы.
Егер Сіз төлемді сайттағы тіркеуге ДЕЙІН жасасаңыз, онда төлем туралы түбіртекті ЖОО-дағы тех.хатшыларға тапсырасыз. Төлем қабылданады.
Төлем 2242 теңгені құрайды.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/