KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Жауапты хатшылардың контактілері 26.07.2020

Жауапты хатшылардың контактілері

ҰБТ-2020 (тамыз) тапсыруға өтініш қабылдайтын ЖОО жауапты хатшыларының контактілері
Құрметті тестіленушілер! 2020 жылғы 25 шілдеден 1 тамызды қоса алғанда ҰБТ-ға (тамыз) қатысу үшін өтініштер қабылданады.
Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдаудың форматы өзгерді.
Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері, өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж түлектері және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғалар, ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған тұлғалар, ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдіргендер ҰБТ-ға қатысу үшін http://ubt2020.testcenter.kz сайтында ҰБТ-ға өтініш беру (наурыз айында өтініш бергендерді қоспағанда) батырмасы арқылы алдын-ала онлайн өтініш беріп, өз құжаттарын жоғары оқу орнына карантин мерзімі аяқталған соң апарып тапсырады.
ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғалар, сондай-ақ ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғалар тамыз айындағы ҰБТ-ға тегін қатысу үшін http://ubt2020.testcenter.kz сайтында Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш берген тұлғалар үшін батырмасы арқылы өтініштерін жаңарта алады. Түсуші логинге – ЖСН нөмірін, парольге - маусым айындағы ТЖК нөмірін енгізеді. Сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетеді.
ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, жоғары оқу орнының жауапты хатшысына хабарласа алады. Жоғары оқу орындары жауапты хатшыларының контактілері төмендегі сілтемеде берілген.

Өтініш беруде сәттілік тілейміз!

Жауапты хатшылардың контактілерін ЖҮКТЕУ


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу