KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Жергілікті атқарушы органдары (әкімдік) тағайындайтын гранттардың конкурсына өтініштер қабылдау басталды 05.08.2020

Жергілікті атқарушы органдары (әкімдік) тағайындайтын гранттардың конкурсына өтініштер қабылдау басталды

ЖАО (әкімдік) тағайындайтын гранттардың конкурсына өтініштер қабылдау 05-15 тамыз аралығында өтеді.⠀

Өтініштер ЖОО-ның (ЖОО сайтында) виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады.⠀
Аталған конкурстың нәтижелері 20 тамызда жарияланады.

Назарларыңызға ЖАО-дан (әкімдік) бөлінген гранттардың санын ұсынамыз.⠀


-Ақмола облысы – 185;⠀
-Ақтөбе облысы – 80;⠀
-Алматы облысы – 250;⠀
-Атырау облысы – 70;⠀
-БҚО – 100;⠀
-Жамбыл облысы – 30;⠀
-Қарағанды облысы – 90;⠀
-Қызылорда облысы – 150;⠀
-Маңғыстау облысы –70;⠀
-Павлодар облысы – 60;⠀
-ШҚО – 400;⠀
-Нұр-Сұлтан қ. – 200;⠀

Егер аймақ тізімде көрсетілмесе, демек, онда грант бөлінбеген.⠀

Айта кететін жайт, барлық жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының топтары ЖАО гранттарына қатыса алмайды, сондықтан университетке хабарласып осы ақпаратты нақтылау қажет.⠀


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/