KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Қарағанды және Павлодар қалаларында оқыту курсы өткізілді 09.10.2020

Қарағанды және Павлодар қалаларында оқыту курсы өткізілді

2020 жылғы 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Қарағанды және Павлодар қалаларында білім беру саласының мамандарына «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» атты тақырыпта білім арттыру курсын өткізді.
Аталған курсқа Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан алпыс мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Курс барысында педагогикалық өлшеулер саласының мақсаты, міндеттері, негізгі терминдері, оның отандық білім беру саласын бағалау жүйесіндегі орны туралы тақырыптар қозғалды. Тест тапсырмалырын әзірлеу әдістемесі жайында теориялық мәліметтер беріліп, тапсырмаларды әзірлеу бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Курсқа қатысушы А.Е. Сулейменова: «Педагогикалық өлшеулер тақырыбы аясында өткізілген курс бізге, ұстаздар қауымына өте пайдалы болды. Біз алған білімдерімізді күнделікті сабақ барысында қолдана да аламыз. Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың білімін бағалауға жоғары талаптар қойылып жатыр. Сондықтан да осы курстың бізге көп көмегі болатындығына сенімдіміз» - деп өзінің жоғары бағасын беріп өтті.
Айта кетуіміз керек, Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларын ұлттық мониторингтер мен мемлекеттік емтихандарда қолданбас бұрын, тест тапсырмаларының базасын қалыптастыруда бірнеше сатылы жұмыстар атқарады. Соның бірі әзірлеушілер мен сарапшыларды тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптау жұмыстарына үйрету болып табылады.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/