KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесу 23.10.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кездесу

Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. 2020 жылғы 23 қазанда Ұлттық тестілеу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Данияр Исрайылұлы Райымбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ҚР Заңнамасындағы маңызды өзгерістер талқыланды.
Заңнамаға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың қосымша шараларын енгізуге бағытталған, атап айтқанда:
- Азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтар беруге тыйым салынады;
- сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларының шеңбері кеңейтілді;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар, жақын туыстар, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды;
- квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілуде; Комплаенс – батыс елдерінен келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады.
Д.И. Райымбаев кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және дұрыс әрекет ету қабілетіне негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл менеджменті туралы баяндады. Кездесу соңында ҚР заңнамасындағы жаңалықтарды таныстыру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен кездесулер өткізу жөнінде келісімге келді.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/