KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады 30.11.2020

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады

Құрметті, орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері (ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар; ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар)!

2020 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Жеке куәлігі немесе паспорты бар тұлғалар Орталық сайты арқылы өтінішті онлайн режимде https://ubt.testcenter.kz/ сілтемесі арқылы береді.

Жеке куәлігі немесе паспорты жоқ тұлғалар ҰБТ өткізу пункттері арқылы өтініш бере алады.

Аталған тестілеу ақылы негізде өткізілетінін (тестілеу құны - 2242 теңге) және тестілеуге қатысу өз еркіңізге байланысты екенін естеріңізге саламыз.

Төлемді жүйеден шықпай онлайн веб-қосымшасы арқылы төлеуге болады.

ҰБТ 2021 жылғы 15-20 қаңтар аралығында өткізіледі.

Сіздерге сәттілік тілейміз!



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/