KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
«Ұлттық тестілеу орталығы» мен «Отандастар қоры» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 10.12.2020

«Ұлттық тестілеу орталығы» мен «Отандастар қоры» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2020 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК мен «Отандастар Қоры» КеАҚ өзара ынтымақтастық   туралы Меморандумға қол қойды.

Аталған іс-шараға «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Дидар Смағұлов, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, «Отандастар қоры» КеАҚ Білім бағытының маманы Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.

Меморандум аясында Қазақстанға келіп білім алғысы келетін қандастарға Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша онлайн байқау сынақтарын тегін өткізу, «Отандастар қоры» ұйымдастырып жатқан қазақ тілінің қатысушыларына  қазақ тілін меңгеру деңгейін Қазтест бойынша тестілеуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Кездесу барысында, шетелдегі қандас жастардың Қазақстанда білім алуына қолайлы жағдай жасап, осы бағыттағы іс-шаралар жоспары талқыланды.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/