KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Алматы қаласының түлектері назарына! 01.04.2021

Алматы қаласының түлектері назарына!

Бүгінгі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеу тағы да короновирус індеті жайлаған кезеңде өткізілуде.

Алматы қаласында локдаун режимі созылды. Осыған орай Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 сәуір сағат 14:00-дегі тестілеу және келесі күндердегі тестілеу тоқтатылды.

Алматы қаласындағы ҰБТ келесі аптада жалғасатын болады! Тестілеу өткізілетін күні мен жаңа ғимарат туралы ақпарат тестіленушілерге қосымша хабарланатын болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен қалалық Білім басқармасының қолдауының арқасында бөлек тұрған, үлкен аумақты, кең, әр қабатында әжетханалары бар үш қабатты ғимарат ҰБТ тапсыруға берілетін болды.

Енді жөндеу бойынша белсенді жұмыстар күтуде, дегенмен біз бар күшімізді жұмылдырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысатын боламыз !
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/