KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
25.02.2022

ҚАЗТЕСТ жүйесіне «Айтылым» бөлігі енгізілді

Бүгінгі күні ҚАЗТЕСТ жүйесі тілдік білімді бағалаушы құрал ретінде «Шет тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» стандартына сәйкес тұлғаның сөйлеу әрекетін қалыптастыратын «Тыңдалым», «Жазылым», «Оқылым» дағдылары және грамматикалық сауаттылығын тексеруде лексика-грамматикалық құрылыммен бірге мазмұндық жағынан толықтырылып, «Айтылым» (Сөйлесім) дағдысы қосылып отыр. Сөйлеу әрекетінің барлық түрі қамтылғандықтан, әрбір тілдік дағды бойынша тестіленушінің біліктілік деңгейі толық бағаланатын болады.

«Айтылым»  бөлігі:

«Айтылым» (Сөйлесім) тестіленушінің сөйлей алу дағдысын бағалайды. Тестіленушіден толық және тақырыпқа сәйкес жауап беру талап етіледі.

Құрылымы:

«Айтылым» деңгейге байланысты 1-2 тапсырмадан тұрады. Ұзақтығы: 7 минут (дайындықпен бірге).

Тапсырма үлгілері:

1. Тақырып бойынша өз ойын айту.

Жыл мезгілдері туралы айтыңыз.

 Көмекші сұрақтар:

 - жыл мезгілдерін атаңыз?

 - қыс айларын атаңыз?

...

2. Жағдаят бойынша кеңес беру.

- Мен құрбымның туған күніне қандай сыйлық алатынымды білмей тұрмын. Кеңес беруіңізді өтінемін.

Тірек сөздер: сыйлық, гүл, отбасы, туған күн, алқа, көлік, шетелге саяхат, кітап.

3. Ұсынылған мәселе бойынша сөйлеу.

Қазіргі кезде дұрыс тамақтанбау салдарынан көптеген адамдарда денсаулығына қатысты мәселелер туындайды. Осы мәселені шешудің қандай жолдары бар?

Тірек сөздер: Дұрыс тамақтану, сапалы өнім, табиғи өнім, жасанды тағамдар, т.б.

Емтихан қабылдаушы: тапсырмаларды тестіленушіге ұсынады.

Тестіленуші: 1-3 минут дайындықтан кейін ұсынылған тапсырмалар бойынша жауап береді. Сөйлеу диктофонға жазылады!

Бағалау:

  •  Сөздік қор;
  •  Грамматиканың дұрыстығы және сөйлемді құрай алуы;
  •  Сөйлемдер арасындағы логикалық байланыс;
  •  Сөздің дұрыс айтылуы;
  •  Тіл тазалығы.

Тақырыптар:

  • Отбасы, туған қала, саяхат, музыка, хобби, жұмыс;
  • Қоршаған орта, табиғат, табиғатты қорғау, климат, ауа райы;
  • Білім, ғылым, қазақ тілін үйрену; Медицина және денсаулық;
  • Теледидар және бұқаралық ақпарат құралдары  т.б. тақырыптар қамтылады.

 


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу