KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
11-29 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ПЕДАГОГТЕР ҮШІН ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУ ӨТЕДІ 04.04.2022

11-29 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ПЕДАГОГТЕР ҮШІН ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУ ӨТЕДІ

Педагогтер үшін ұлттық біліктілік тестілеу 11-29 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге өтініштерді қабылдау ертең, 5 сәуірде басталады. Біліктілік тестілеуі пәндік білім деңгейін және оқу пәнінің оқыту әдістемесін меңгеруін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық біліктілік тестілеуіне мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері, басшылары, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студенттері қатысады.
Педагогтер үшін тестілеудің жалпы уақыты – 210 минут, пәндік білім негіздері математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша тестіленушілер үшін – 240 минут, «Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары үшін – 120 минут.


ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу