KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Петропавл қаласында «Педагогикалық өлшеулер теориясы мен әдістемесінің негіздері» атты семинар өтті 05.04.2022

Петропавл қаласында «Педагогикалық өлшеулер теориясы мен әдістемесінің негіздері» атты семинар өтті

      2022 жылғы 29 наурыз бен 2 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері Петропавл қаласының педагогтері үшін «Педагогикалық өлшеулер теориясы мен әдістемесінің негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Оқыту семинарына Петропавл қаласы мектептерінің 40 мұғалімі қатысты.

     Семинарда келесі мәселелер қаралды:
 тестологияның негізгі түсініктері;
 тест тапсырмаларының түрлері мен қиындық деңгейлері;
 білім беру саласындағы функционалдық сауаттылық түрлері;
 тест тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.
   Семинарға қатысушылар Ұлттық тестілеу орталығы өткізіп жатқан іс-шараларымен, тест тапсырмаларының түрлері және олардың үлгілерімен, тест тапсырмаларын әзірлеу бойынша ұсыныстармен, тест тапсырмаларының қиындық деңгейлері мен сапасына қойылатын талаптармен, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және жаратылыстану сауаттылығы пәндерінің тест үлгілерімен танысты.
   Қатысушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Орындаған жұмыстарының қорытындысы ретінде мұғалімдер тест тапсырмаларының құрастыру әдістемесі бойынша өз жобаларын қорғады.
   Семинарға қатысушылар алдағы уақытта Ұлттық тестілеу орталығының тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптау іс-шараларына қатысатын болады.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу