KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ 27.07.2022

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ

Сіздерді магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижелерімен таныстырып өтсек.
Республика бойынша  магистратураға түсуге 46 066 өтініш келіп түсті.
Бір аптаның ішінде КТ-ны 20 мыңға жуық адам тапсырды.
Оның ішінде:
50% тест тапсырушы шекті балл жинады;
74 балл – орташа балл.
Ереже бұзғаны үшін 153 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
-тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 89 оқуға түсуші айырылды;
-тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 6️⃣1️⃣ адам шығарылды;
-постпрокторинг (бейнежазбаларды қайта қарау) қорытындысы бойынша  3️⃣ адамның нәтижесі жойылды.
Сонымен қатар, КТ-ға кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы 4️⃣ бөгде тұлға анықталды.
Естеріңізге сала кетейік магистратураға түсуге арналған КТ 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу