KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
5 тамыздан бастап педагогтерге арналған ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды 08.08.2022

5 тамыздан бастап педагогтерге арналған ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ!

2022 жылғы 5 тамыздан бастап app.testcenter.kz сайтында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ҰБТ(НКТ) өткізу мерзімі: 8-31 тамыз аралығы.
Бұл тестілеуге тек қана (педагогикалық қызметке алғаш рет кірісетін тұлғалар) «ПЕДАГОГ» санатына қатыса алады.
‼️ЕСКЕРТУ: 8 тамыз TOEFL ІTP халықаралық сертификаты бар докторантураға түсушілерге ағылшын тілінен қосымша тестілеу және 20 тамызға дейін докторантураға түсу емтихандарының 20 тестілеу пунктінде, 10-13 тамыз аралығында тамыз айындағы ҰБТ-ның 25 тестілеу пунктінде өткізілуіне байланысты ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУ ТЕК ТІРКЕЛУ САЙТЫНДА ҰСЫНЫЛҒАН ТЕСТІЛЕУ ПУНКТЕРІНДЕ ӨТЕДІ.
Сондықтан Сіздерге мұқият болып, ҰБТ(НКТ) тапсыру мүмкіндігін өткізіп алмауларыңызды сұраймыз.
Келесі біліктілік тестілеуі ҚАРАША айында өтеді.
МАҢЫЗДЫ: Әр сәрсенбі сайын келесі аптаға бос орындар қолжетімді болады.
Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу