KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Корпоративтік этика қағидаларымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстыру 14.10.2020

Корпоративтік этика қағидаларымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстыру

Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) қызметкерлерін Корпоративтік этика қағидаларымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстыру мақсатында 2020 жылғы 14 қазанда директордың орынбасары Альмира Мухтаровна Искакова ҰТО-ның Мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлердің жалпы тәртіп ережелері мен жұмыстан тыс уақыттағы тәртібі туралы мәселелер талқыланды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа ерекше назар аударылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысу; жұмыс орнында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік атмосферасын құру; жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдарға, қызметкерлерге, тестіленетін адамдарға, тест тапсырмаларын әзірлеу, сараптау саласында өз қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де адамдарға ықпал ету үшін жұмыс жағдайын пайдаланбау; әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды қолдау және талап ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін және табыс табумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге жәрдемдесуге бағытталған іс-әрекеттерді жасаудан бас тарту мәселелері алға тартылды.
Айта кетейік, ҰТО корпоративтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау мақсатында жақын арада барлық құрылымдық бөлімшелермен осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жоспарлап отыр.