KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2022 ЖЫЛҒЫ 28 МАУСЫМНАН БАСТАП APP.TESTCENTER.KZ САЙТЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ 27.06.2022

2022 ЖЫЛҒЫ 28 МАУСЫМНАН БАСТАП APP.TESTCENTER.KZ САЙТЫНДА ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҰБТ өткізу мерзімі: 11-29 шілде аралығы.
Бұл тестілеуге қатыса алады:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
Қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
Педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.