KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
КЕЛЕР ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ ТАЛАПКЕРГЕ НЕГІЗГІ ҰБТ-НЫ ЕКІ РЕТ ТАПСЫРУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛЕДІ 19.09.2022

КЕЛЕР ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ ТАЛАПКЕРГЕ НЕГІЗГІ ҰБТ-НЫ ЕКІ РЕТ ТАПСЫРУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛЕДІ

Сіздерге керемет жаңалығымыз бар.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша келер жылы барлық талапкерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілетінін хабарлаймыз.
Яғни Сіздер негізгі ҰБТ-ға екі мәрте қатысып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына аласыздар.
Достар, біз әрқашан Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызды қолдауға дайын екенімізді ұмытпаңыздар.
Ақпаратты ата-анаңызға немесе достарыңызға жіберіп, қуантуға асығыңыздар.

/press-tsentr/novosti/detail.php