KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2023 жылғы түлектерге ҰБТ-ның шекті балдары туралы ақпарат 02.12.2022

2023 жылғы түлектерге ҰБТ-ның шекті балдары туралы ақпарат

2023 жылғы түлектерге ҰБТ-ның шекті балдары туралы ақпарат ұсына кетейік!
Олармен мұқият танысып, есте сақтап алуларыңызды сұраймыз.
Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар келесідей:
«Құқық» – кемінде 75 балл;
«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл;
«Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл;
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл.
Сондай-ақ Ұлттық жоо-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа жоо-ларға – кемінде 50 балл.
ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.
‼️МАҢЫЗДЫ: Әр ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.
Біздің жазбаны сақтап, ҰБТ тапсыратын достарыңызға жіберуді ұмытпаңыздар. Тестілеуге дайындық барысында бұл ақпарат міндетті түрде керек болады.