KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ 29.12.2022

МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Тестілеуге 3 мыңнан астам адам қатысты, оның 2 мыңнан астамы грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, қыста магистратураға 4 мыңға жуық грант бөлінді.
Барлық грант иегері 10 қаңтарға дейін жоо-ға құжаттарын тапсыруы қажет.
          Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҰТО-ның www.testcenter.kz сайтында және Telegram арнасында танысуға болады.

/press-tsentr/novosti/detail.php