8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ-қайта тапсырушылар нәтижелері

Оқиғалар

Ұлттық тестілеу орталығы мен "Егемен Қазақстан" газеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге енді "Егемен Қазақстан" газеті арқылы да дайындалуға болады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын халыққа түсіндіру жұмыстары аясында  Ұлттық тестілеу орталығы мен "Егемен Қазақстан" газеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

1BAL_5133.jpg

Меморандум аясында еліміздің Бас газеті биыл ҰБТ-ға еніп отырған Оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық және басқа да пәндерден тапсырмалар үлгісі мен оларды шешуге, дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар жариялап отырады. Материалдар түлектер мен талапкерлерге ғана емес, пән мұғалімдері үшін қажетті  дүние.

1BAL_5153.jpg

Серіктестік тек әдістемелік нұсқаулықтармен ғана шектелмейді, түлектер мен талапкерлердің психологиялық дайындығына арналған мамандар пікірі, ҰБТ-ді жемісті тапсырған тәжірибелерімен бөліскен бұрынғы талапкер кеңесінен тұратын болады. 

1BAL_5171.jpg




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ