8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР

Жаңалықтар

2016 жылғы педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін өткізу туралы ақпарат

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бекітілген бұйрығымен бекітілген, Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес,педагог қызметкерлер ағымдағы жылдың қараша айының 15-18 күндері аралығында бірінші біліктілік тестілеуден өтті.         

Бірінші біліктілік тестілеуінен қажетті өту балын жинай алмаған  немесе дәлелді себептермен тестілеуге қатыспаған педагог қызметкерлер желтоқсан айының 19-21 күндері аралығында қайта тестілеуден өтті.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 14147, оның ішінде қазақ тілінде  – 10443, орыс тілінде – 3704 адам.

Тестілеу нәтижесі бойынша шектік өту балы: «Негізгі пәндік білім» пәні бойынша - 14 балл, «Педагогика және психология негіздері» және «Қазақстан Республикасының Заңнамаларын білу» пәндері бойынша - 10 балл.  Педагог қызметкерлердің 8406-ы шектік балдан өтті, ол жалпы қатысушылардың – 59,42%-н құрайды.

«Қазақстан Республикасының Заңнамаларын білу» пәні бойынша тестілеуге - 14147 педагог қызметкер қатысса, олардың шектік балдан өткендер саны – 13040 адам, ол осы пән бойынша жалпы қатысушылардың – 92,17%-ын құрайды.

«Педагогика және психология негіздері» пәні бойынша тестілеуге - 14147 адам қатысса, олардың шектік балдан өткендер саны – 11324 адам, ол осы пән бойынша жалпы қатысушылардың – 80,04%-ын құрайды.

«Пәндік білім негіздері» пәні бойынша тестілеуге - 13242 педагог қызметкер қатысқан, олардың шектік балдан өткендер саны – 8940 адам, ол осы пән бойынша жалпы қатысушылардың – 67,51%-ын құрайды.

Педагог қызметкерлерді тест тапсырмаларының үлгісімен таныстыру және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс дағдысын қалыптастыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау online-тестілеуінен 5491 педагог қызметкер өтті.

 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ