8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

Онлайн-байқау тестілеуін бір минутта төлеу!

Сайт қолданушыларына ыңғайлы болуы үшін Ұлттық тестілеу орталығы «Жеке кабинеті» веб-қосымшасын іске қосып отыр.

Бүгінгі күннен бастап Сіз кез-келген онлайн-байқау тестілеуінен өту үшін үйден шықпай отырып, тінтуірді бірнеше рет шертіп қана төлеуге болады

Ол үшін:

1. cabinet.testcenter.kz сілтемесіне көшіңіз.

2. Электрондық поштаңыз арқылы тіркеліңіз.

3. Электрондық пошта арқылы авторизациядан өтіңіз.

4. Тестілеу түрін таңдаңыз.

5. Тестілеу санын көрсетіңіз.

6. Төлемақысын төлеу жолын таңдаңыз:

  • «24 жеке кассаңыз» арқылы (бұл  сіздің онлайн-әмияныңыз, оны Касса 24 терминалдары немесе ғаламтор арқылы банк карточкасынан толтыра аласыз);

  • банк карточкасы арқылы;

  • WebMoney арқылы.

Жеке кабинетіңізді қолданудың артықшылығы:

  • Онлайн-байқау тестілеуінің төлемақысын тез арада, оңай төлеуге болады.

  • Төлемін өзіңізге ыңғайлы уақытта жасауға болады.

  • Төлемін жасағаннан кейін сатып алынған мүмкіндіктерді көріп отырып, Жеке кабинетіңізде тестке кірісуге болады.

  • Жеке кабинеттің интерфейсі қарапайым және өте қолайлы: бірнеше рет тестілеуден өткен тарихын сақтайды.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ