8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері
СтуденттергеЖоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестациялау кезеңіндегі кешенді тестілеу (ЖОО МАКТ)

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеу

Қазақстан Республикасының  27.07.2007 ж. №319-ІІІ  (22.12. 2016 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен)  «Білім туралы» заңына, «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы (19.06. 2013 ж. №635 өзгерістер мен толықтыруларымен) N 1270 Қаулысына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізіледі.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттay - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: кешенді тестілеу.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізудің жоспарлы тәртібі: бес жылда бір рет.

Тестілеудің сипаттамасы

Азаматтық емес

жоо үшін

Техникалық және кәсіптік білім беру үшін

Тестілеуге қатысушылар

бітіруші және жоғары  курс студенттері

бітіруші және жоғары  курс білім алушылары

Тестілеу  пәндері

4 базалық және бейіндік пәндер

3 жалпы және кәсіптік пәндер

 

Тест тапсырмаларының саны

Әр пән бойынша - 30

Барлығы - 120

 

Әр пән бойынша - 30

Барлығы - 90

 

Тестілеу

уақыты

 

180 минут (3 сағат)

 

135 минут(2сағат 15 минут)

Бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста)

 

 

· «өте жақсы» - 90-100 %;

· «жақсы» - 75-89 %;

· «қанағаттанарлық» - 50-74 %;

· «қанағаттанарлықсыз»- дұрыс жауаптардың 50 %-нан кем емес.

Тестілеу және білім мен іскерлікті бақылаудың өзге де түрлері білімі бақылануға тиіс білім алушылар контингентінің тізімдік құрамының кемінде 95 %-ы (бітірушілерінің жалпы саны 10 немесе одан да аз білім беру ұйымдарында - кемінде 80%-ы) қатысқан жағдайда өткізіледі.

«Аттестатталсын» деген шешім қабылдаудың критерийінің бірі: нақты мамандықтар бойынша білім алушылардың оңды бағаларының 70 %-ы болып табылады.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ