Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары және ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 3 шілде мен 3 тамыз;
2) күнтізбелік жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсушілер, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімін тапсырады және балдарды аудару шкаласына сәйкес GRE Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан және докторантураға оқуға дайындығын анықтауға арналған тест жазудан босатылады.
Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханы мен конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.
Сертификат балдарын ОДАТ және эссе жазу балдарына ауыстыру білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берілген кезде және ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалылығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы
GRE халықаралық стандартталған тест |
Түсу емтихандары |
Балл |
||
Тест секциялары |
«Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар |
«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар |
||
Quantitative Reasoning |
155 балдан кем емес |
160 балдан кем емес |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест |
10 |
Analytical Writing |
3 балдан кем емес |
3 балдан кем емес |
||
Quantitative Reasoning |
160 балдан кем емес |
165 балдан кем емес |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест |
20 |
Analytical Writing |
4 балдан кем емес |
4 балдан кем емес |
||
Quantitative Reasoning |
165 балдан кем емес |
170 балдан кем емес |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест |
30 |
Analytical Writing |
5 балдан кем емес |
5 балдан кем емес |
||
Verbal Reasoning |
149 балдан кем емес |
145 балдан кем емес |
Эссе жазу |
5 |
Verbal Reasoning |
160 балдан кем емес |
150 балдан кем емес |
Эссе жазу |
7 |
Verbal Reasoning |
165 балдан кем емес |
160 балдан кем емес |
Эссе жазу |
10 |
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
4 мен 20 тамыз аралығы кезеңінде өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
19 қараша мен 11 желтоқсан аралығы кезеңінде өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.
Түсуші құжат тапсыру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 46 балл;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 460;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) - В2 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша);
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады.
Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.
Қосымша тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. «Өтті» деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.
Қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.
Қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның жеке кабинеті арқылы жолданады.
Қосымша тестілеу нәтижелері қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі.
Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.
18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Магистратура мен докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.