KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан:

1)      эссе жазудан;

2)      докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден;

3)      білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады;

4)      оқуға түсушімен ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу.

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:

- докторантураға оқуға дайындығын анықтау тестіне (бұдан әрі –ОДАТ) - 50 минут;

- білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарын және эссе жазуға - 190 минут (3 сағат 10 минут).

 

Бірінші ОДАТ бөлімі тапсырылады. ОДАТ бөлімін аяқтағаннан кейін түсуші эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру блоктарын орындау реттілігін өз еркімен таңдайды.
Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.

Апелляцияға арналған өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ден 13.30-ға дейін аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Апелляцияға арналған өтініштер ЖЖОКБҰның апелляциялық комиссиясымен өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қаралады.

Докторантураға түсуші адамдардан ОДА бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарайды.

Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханын өту барысында береді.

Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті болмаған жағдайда қаралады.

Апелляцияға арналған өтініште мазмұндалған нақты фактілер қарастырылуға жатады.

Тест тапсырма шартының фрагмент (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) жоқ екендігі анықталған кезде, оның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау болмаса, түсуші «техникалық апелляция» қосымшасындағы экранға белгі қояды.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеген (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап жоқ болған;

3) барлық ұсынылған, жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдай отырып, тест тапсырмаларында бірден артық дұрыс жауап бар болған (дұрыс жауаптың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайларда қаралады.

Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға арналған өтініште дәлелді негіздеме (толық түсіндіру, тапсырмалардың толық шешімі) көрсетілмесе, қарауға жатпайды.

Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляцияны есепке ала отырып, түсу емтиханының нәтижелері көрсетіледі.

Түсу емтиханының нәтижелері бойынша электронды сертификат беріледі.

 

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100 балдық шкаласы

Докторантураға түсу емтихан блоктары

Балл

ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиясы өткізетін оқуға түсушімен сұхбаттасу

20

Эссе

10

Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

40

Барлығы

100


Докторантураға түсу үшін Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу

 

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

2022 жылғы 26 шілдеден бастап app.testcenter.kz сайтында докторантураға түсу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған қосымша тестілеуге қатысуға тіркеу басталады.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге өтініш қабылдау   2022 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында жүргізіледі.

Ағымдағы жылы докторантураға түсу үшін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуге қатысу құны 14162 теңгені құрайды.

 

Тіркелу барысында түсушілер өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу ағымдағы жылғы    8 тамызда өткізіледі. Бұл ретте, егер түсуші қандай да бір себеппен тестілеуге келе алмаса, тестілеуді басқа күнге ауыстыру мүмкін емес екенін ескертеміз.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 3 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

 

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу 3 бөлімнен, бір дұрыс жауап таңдайтын 100 тапсырмадан тұрады. Ең жоғарғы балл 100 балды құрайды.

Тестілеудің уақыты - 125 минут.

І - Бөлім - Тыңдалым. Тест тапсырмасының саны - 32. Орындалу уақыты - 45 минут.

Бұл бөлімде тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға монолог және диалог түрінде мәтіндер ұсынылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

II - Бөлім - Лексика грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны - 32.Орындалу уақыты - 30 минут.

III - Бөлім - Оқылым. Тест тапсырмаларының саны - 36. Орындалу уақыты - 50 минут. Бұл бөлімде 3 мәтін және әр мәтінге 12 тест тапсырмасы беріледі.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. Тестілеуден өту үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуде апелляция қарастырылмаған.

Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссияларымен бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

           Түсуші докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен бірлесіп төмендегідей жолмен өтініш береді:

-  app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;

-  өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);

-   түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (логин мен пароль көрсетіліп келген хатты өшірмеу қажет);

-  ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;

-   «Өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура-докторантура)» таңдайды;

-   «Докторантураға түсу емтиханын» таңдайды;

-  «Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу» таңдайды;

-  тіркеу деректерін толтырады;

-  түсуші докторантураға түсу емтиханының өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;

-  төлем жасау әдісін таңдап, емтиханға төлем жасайды.

  Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер өз еркімен емтихан тапсыру қаласын таңдайды.

Егер де түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (емтихан тапсыру қаласы), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін (2 тамызға дейін) түзетуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін:

1) «Менің тарихым» бетіне өту;

2) өтінішті ашып, «Өтінішті өңдеу» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) өңдеуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған тапсыру қаласы өзгертілмейді.

 

           Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

           Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;

2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;

3) жеке куәліктің көшірмесін;

4) төлем картасының көшірмесін;

5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

 Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Тестілеуге негізделген себептер бойынша келмеген жағдайда (сырқаттанып қалу, жақын туысқанының қайтыс болуы) ақшалай қаражаттарды қайтару үшін емханадан 027У нысанды немесе E-gov порталынан QR-кодымен ресми анықтама (барлық анықтамалар сканерленеді және түпнұсқалығы тексеріледі) ұсыну қажет. Өзге анықтамаларды ұсынған жағдайда тестілеуге төленген төлемақы қайтарылмайды.