Арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің білімін бағалау
Педагогтердің білімін бағалау – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.
Арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын педагогтердің білімін бағалау екі блоктан тұрады, барлығы 30 тест тапсырмасы:
Педагогтердің білімін бағалаудың жалпы уақыты 80 минутты құрайды.
Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар, стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б. негізінде жасалады.
Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.
Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.
Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.
Тест құрылымы
Блок |
Тапсырмалар саны |
Тапсырманың формасы |
Уақыт (минут) |
|
Арнайы педагогика |
20 |
15 |
Бір дұрыс жауапты таңдау |
80 |
5 (1 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан) |
Бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар |
|||
Арнайы психология |
10 |
10 |
Бір дұрыс жауапты таңдау |
Пайыздарды балға ауыстыру шкаласы
Категориялар |
Блок |
Пәндер бойынша балдар |
ПББ өту (пайызы, %) |
ПББ өту (балы) |
Педагог |
Арнайы педагогика |
20 |
50% |
10 |
Арнайы психология |
10 |
50% |
5 |
|
Педагог-модератор |
Арнайы педагогика |
20 |
60% |
12 |
Арнайы психология |
10 |
60% |
6 |
|
Педагог-сарапшы |
Арнайы педагогика |
20 |
70% |
14 |
Арнайы психология |
10 |
70% |
7 |
|
Педагог-зерттеуші |
Арнайы педагогика |
20 |
80% |
16 |
Арнайы психология |
10 |
80% |
8 |
|
Педагог-шебер |
Арнайы педагогика |
20 |
90% |
18 |
Арнайы психология |
10 |
90% |
9 |
Бағалау:
Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.