KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2021 жылғы 10 наурыз 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ бойынша 05.03.2021

2021 жылғы 10 наурыз 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ бойынша

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ағымдағы жылы алғаш рет электрондық форматта 10 наурыз - 10 сәуір аралығында өткізіледі.

Тестілеу "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" принципі бойынша электрондық форматта өткізіледі. Электрондық форматтағы ҰБТ-ның бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда:

- тестіленуші өзіне ыңғайлы орынды, күнді, уақытты таңдай алады;

- өтінішін өзгерту мүмкіндігі (тест тапсыру тілі мен пәндерін);

- тестілеу барысында белгілеген сұрақтарға қайта оралып, қате жауаптарды түзету мүмкіндігі беріледі;

- интерфейсте калькулятор мен көмекші кестелердің (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесі) қол жетімділігі;

- тестілеу нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығарылады;

- тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляцияға бірден беруге болады.

10 наурыз - 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:

- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

- орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері. Бұл ретте, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері жоғары оқу орнына түсу үшін қысқартылған оқыту мерзімдері мен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын таңдамаған жағдайда қатыса алады.

- шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

- ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі оқуға қабылдану үшін.

Тестіленушілер аталған ҰБТ нәтижесімен жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу мүмкіндігіне ие болады.

ҰБТ-ға қатысу үшін 2021 жылғы 5 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы онлайн режимде тіркелуге болады. Қосымшаға тіркелудің нұсқаулығымен сілтемеде танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: 87172 – 69-50-96, 69-52-80, 69-52-87.

  


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/