KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Докторантураға түсушілерден өтініштер қабылдауды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы;

2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында жүргізіледі.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.

4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 15-28 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанынан 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламаларының тобын көрсетеді.

Докторантураға түсуші адамдар мынадай құжаттар топтамасын ЖЖОКБҰға тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кездегі түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) шет тілін меңгеруін растайтын электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз) ағылшын тілі: IELTS   Academic (АЙЛТС Академик)/International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) шекті балл – кемінде 5,5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ - Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама. Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

9) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша). 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері түрінде ұсынылады, оларды салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссиялары тексереді.

Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

/doktorantura-a-t-sushilerge/doktorantura-a-t-su-emtikhanyna-atysu-shin-zhattardy-abyldau/