8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ/ТКТ-ге сынама тестілеудің онлайн нұсқасы

ҰБТ/КТ-ге дайындалуға арналған онлайн байқау сынағы

Ағымдағы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) және кешенді тестілеудің (КТ) пәндер бойынша online байқау сынағы қызметі іске қосылды.

Тестілеу келесі формат бойынша өткізіледі:

1-блок:

Математикалық сауаттылық – 20 тест тапсырмасы

Оқу сауаттылығы – 20 тест тапсырмасы

Қазақстан тарихы – 20 тест тапсырмасы

 2-блок:

1 бейінді пән – 30 тест тапсырмасы

2 бейінді пән – 30 тест тапсырмасы

Байқау сынағынан өту кезінде түсуші ҰБТ / КТ-да пайдаланылатын тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәні бойынша білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады.

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында білім деңгейіне тестілік бақылау жүргізу кезіндегі қосымша қызметтердің бекітілген бағалар Прейскурантына сәйкес, онлайн байқау сынағының бағасы – 260 теңге. 

1 тәсіл - Тестілеуге төлемді төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Түбіртектерде міндетті түрде – «Онлайн байқау сынағы үшін төлем» деп көрсету керек.

Төлем жасалғаннан кейін түбіртектерді ҰТО филиалына тапсыру қажет. Филиал қызметкерлері онлайн байқау сынағынан өткісі келгендерді тіркеп, пароль береді.

ҰТО филиалдары республиканың барлық облыс және аудан орталықтарында орналасқан. Олардың мекен жайы көрсетілген тізімін Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан қарауға болады.

2 тәсіл - Сонымен қатар онлайн-тестілеуге төлемді «Касса 24» төлем терминалдары арқылы жүзеге асыруға болады.

  • Төлем келесі нұсқау бойынша жасалады:

  • Терминалда «Білім беру қызметтері» пунктін таңдаңыз

  • Көрсетілген тізімнен «Национальный центр тестирования» таңдаңыз

  • Тестілеудің түрін таңдаңыз

  • e-mail енгізіңіз (құпия сөз жіберіледі)

  • Төленетін байқау сынағын өту санын енгізіңіз

  • Енгізілген мәліметтердің дұрыстығын растаңыз

  • Төлем жасаңыз

Пароль алғаннан кейін оқушы интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерде отырып, білімін тексере алады.

3 тәсіл - Бұлардан бөлек, cabinet.testcenter.kz сілтемесі арқылы жеке кабинетке тіркеліп, ыңғайлы тәсілмен төлем жасауға болады.

Бұл үшін қажет:

  • жеке кабинетте тіркелгеннен кейін тестілеудің қажетті түрін таңдау;

  • «Сатып алу» батырмасын басып, мүмкіндіктер санын таңдау;

  • төлемдер жасау парақшасында байланыс мәліметтерін толтырып, төлем түрін таңдау (Банк картасы, Жеке касса).

Төлем жасалғаннан кейін жеке кабинетке  тестілеуге арналған құпия сөз түседі. Әрі қарай тестілеуден өтіп өтілген тестілеулердің талдау картасын көруге болады.

ҰБТ және КТ онлайн байқау сынағын тапсыру




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ