8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Кешенді тестілеу (қайта) нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ / КТ-ға дайындық үшін

ҰБТ / КТ-ға дайындық үшін

Ұлттық  бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған оқулықтарды пайдаланып, пәндер бойынша тест спецификацияларына сүйену керек.

Тест спецификациясы бұл – тесттің жалпы сипаттамасын айқындайтын құжат. Оның құрамы келесідей элементтерді қамтиды:  тесттің мақсаты, міндеттері, тест тапсырмалары мазмұнының сипаттамасы (тапсырма нені тексереді), тапсырмалар саны, тапсырмалардың формасы, жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 7 наурыздағы №89 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін және кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы бұйрыққа сәйкес мамандықтар тобы бойынша бейіндік пәндер комбинациясы өзгертілді. Енгізілген өзгертулерді ескере отырып, тест спецификациялары бекітілді. 

Тест тапсырмаларының формалары мен оларды бағалау тәсілдері әр пәннің тест спецификациясында сипатталған. 

Жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге және Кешенді тестілеуге дайындығын нығайту мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы бейінді пәндер бойынша бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты, бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды ұсынады.





КТ ТжКБ спецификациялары



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ